Сегізінші ерлік: Диомед аттары.

24 Нау

Геракл и кони ДиомедаМикена қақпасы сол замандарда қарусыз келгендердің барлығы үшін ашық болды. Қарауыл тауарымен келген байларды да, қайыр сұраған кедейлерді де кіргізе беретін. Бірде арық денесін әрең жасырып тұрған алба-жұлба киімі бар бейтаныс қалаға келді. Оның иығында бақытсыздыққа тап болғанын білдіретін сынған ескек болатын. Әлгі бақытсыз жан өзінің басынан өткен қайғылы оқиғаларды жұртқа әңгімелеп жүрді. Көп кешікпей кедейді сарайға шақырды.

– Посейдонның қаһарынан құтылған жалғыз жан екеніңді естідім, – деді Эврисфей. – Ол қалай болып еді?

– Біздің кеме жартасқа соғылды, – деп бастады сөзін кедей, – бірақ біз жағаға жүзіп жеттік. Бірақ жағада бізді қарулы жауынгерлер күтіп тұрды, кеуделеріне салынған бейнелерге қарағанда, бұлар – фракиялықтар. Олар найзаларымен итермелеп, елдің ішіне апарды. Біз биік қоршаумен қоршалған ағаштан салынған ғимаратқа келдік. Кісінеген қатты дауыстар мен тұяқтардың тарсылынан бұның атқора екенін түсіндік және бізді ат бағушы етпекші деп ойладық. Алайда қақпа ашылғанда ауланың ішінде адамдардың сүйектері шашылып жатқанын көрдік. Бізді аулаға кіргізді де, фракиялықтардың бірі: «Жібер!» деп айқайлады. Аттар қоршауларынан жүгіріп шықты. Олар бізге бас салып, талай бастады. Мен жалғыз аман қалдым…

– Аттардың иесі кім? – деп тағатсыздана сұрады Эврисфей.

– Диомед, – деді кедей. – Ол патша…

– Жетеді! – деді Эврисфей. – Қызметшілер сені тамақтандырып, менің үстімдегі гиматийді береді.

Кедей патшаның жүзінен құпия жымиысты байқады. Қайыршы киілген киім мен бір табақша қоректен де гөрі қымбат қызмет көрсеткенін білмеп еді. Бір айдан бері Эврисфей Гераклға не тапсырарын білмей, байыз таппай жүрген еді. Ол енді шешім қабылдады: Диомедтің аттарын әкеліп берсін.

Күшті дауыл кеменің алға жүзуіне кедергі келтірді. Гераклдың серіктеріне Борей батырдың өлімін алдын алғысы келгендей көрінді. Серіктерінің ішінде Герместің ұлы Абдер де болды. Батыр болса өзін көңілді ұстады, өмірінен таңғаларлық оқиғаларды әңгімелер келе жатты. Оның әңгімесі де жартастың үстінен көрінген Диомедтің сарайы көрінгенде таусылды.

Жағаға жеткен соң, Геракл мен оның серіктері елдің ішіне тапталған жолмен тереңдей жүрді және көп кешікпей қаһарлы кісініген дауыстарды естіді. Қақпаны ашқан Геракл қоршауларға жетіп, алып күш пен сұлулық иелерін көрді. Олар бастарын шұлғып, тұяқтарымен жер теуіп тұрды. Ауыздарынан қанды көпірік шашылды. Көздерінен қаһар көрінді, олар үшін кез-келген адам азық болатын.

Геракл жұдырығын көтерді де, бірінші кездескен жануарды ұрып жіберді. Ат есеңгіреген сәтте Абдер кере тартып тұрған жүгенді мойнына салды. Осындай әдіспен барлық аттар жүгенделіп, Геракл оларды теңізге айдады.

Осы кезде Диомед те өзінің фракийлерімен тарпа бас салды. Аттарды Абдерге беріп, Геракл ұрысқа шықты. Аттарды адам етімен қоректендірген патшаны Гераклдың күші он есе артты, ол жауларын оңай жеңді. Тау-тау өлікті артқа тастап, Геракл Диомедке де жетті. Содан кейін оны шоқпарымен ұрып өлтірді.

Жеңіске жеткен батыр теңіз жағасына беттеді. Онда оны қайғылы оқиға күтіп тұрды. Абдердің аттарға күші жетпеген болатын. Құтырған жылқы оны талап, түк қалдырмаған еді.

Қапаланған Геракл аттарды қырып тастай жаздады. Бірақ, Эврисфейдің тапсырмасы еске түсіп, оларды ұстап алып кемеге тиеді. Содан кейін батыр Абдердің өлген жеріне биік төбе үйіп, кейін қасына Абдер деп атаған қала тұрғызды.

Диомедтің аттары Микенаға жеткізілді. Ал Эврисфей оларды босатып жіберуді тапсырды. Асау аттар орманға тым-тырақай қашып, жабайы жыртқыш аңдардың жеміне айналды.

Аудармасын жасаған Ернар Бекенов

Advertisements

Тайм-киперлер тізімі анықталды

27 Ақп

Кеше (26-ақпан) өткен мини-камптің нәтижесі бойынша уақыт санауға қатысатын еріктілердің тізімі толық жасалды. Қазір төмендегідей адамдар тайм-кипер болуға ниет білдіріп отыр:

1. Ернар – https://greekmith.wordpress.com/

2. Жалғас – http://yertay.wordpress.com/

3. Нұржан – http://www.on.kz/u36851/blog/

4. Димаш – http://qisyq.wordpress.com/

5. Қуаныш – http://huanysh.wordpress.com/

6. Салтанат – http://balgyrgan.wordpress.com/

7. Мақпал – http://kaldykyz.wordpress.com/

8. Мейіржан – http://kazprose.wordpress.com/

9. Гулжайнат Бекен – http://guljainat.wordpress.com/

10. Садық http://vit.kz/

11. Тоты http://vkototy.wordpress.com/

12. Әйгерім http://aikosh.wordpress.com/

13. Гүлназ

14. Мәншүк

15. Назерке http://karkyzy.wordpress.com/
Бізге, негізі басында 14 адам қажет болады деп шешкенбіз. Бірақ, қазір он бес адам жазылып қойды. Кейін, мүмкін біреуін басқа істерге ауыстырармыз, не болмаса біреу-міреу тайм-киперліктен түрлі себептермен бас тартып жатса, соның орнын  толықтыратын шығар.
Белсенділік танытқан еріктілерге үлкен рахметімді айтқым келеді.

Аид

22 Ақп

Аид (Гадес) —Крон мен Реяның ұлы, Зевс пен Посейдонның бауыры. Титандарды жеңген соң ағайындылар әлемдегі билікті бөліске салды. Жеребе бойынша Аидке өліктердің жер асты патшалығына билік ету бұйырды. Ол жер асты патшалығын әйелі Персефона екеуі басқарады.

Ол жер бетіне өте сирек шығады, Олимп құдайларының той-думанына қатыспайды. Аид бәрінен бұрын жер астында сақталған қымбат металдарды және оны көзге көрінбейтін ететін дулығасын қадірлейді. Аид өзгелерге үрей туғызады, бірақ ол аса құдіретті емес. Мысалы, оны Сизиф алдап кетеді, Гераклдың қолынан жарақат алады, Тесей мен Пейритой оның әйелін тартып алуға әрекет жасайды.

Океан

22 Ақп

Океан (W k e a n o z) Бүкіл әлемді жатқан жаһанның ең ұлы және ең көне, шетсіз-шексіз аттас өзеннің тәңірі. Батысты ол өмір әлемі мен өлім әлемін шектеп тұрады. Бұл шетсіз өзеннен барлық басқа өзендер мен теңіз ағыстағы бастау алады; бұл өзеннен Күн, Ай және жұлдыздар шығып-батады.

Океан – бірінші буындағы титан, аспан Уран мен жер Геяның ұлы, титанида Тефиданың ағасы мен жұбайы. Бұлардан үш мың қыз – океанидалар мен үш мың ұл – өзен тасқындары таралған. Ол Зевстің дана әйелі – Метиданың әкесі. Океан сондай-ақ өзінің бейбіт сүйгіштігімен және мейірімділігімен белгілі. Океан мен Тефида өздерінің су асты сарайында өмір сүреді және басқа құдайлардың істеріне араласпайды.  

Эйрена

22 Ақп

Эйрена – Ирена, Ирина (грек. – бейбітшілік), ежелгі грек мифологиясында бейбітшілік құдайы, байлық құдайы – Плутостың тәрбиелеушісі (немесе анасы). Зевс пен Фемиданың қызы.

Антикалық өнерде Эйрена молшылық мүйізі, зәйтүн бұтағы, Герместің таяғы және бидай масақтары бар жас әйел кейпіне бейнеленді.

Гестия

22 Ақп

Гестия (еж.-грек. Ἑστία) — Отбасы құдайы. Сондай-ақ Ежелгі Грекияның құрбандық отының құдайы деп те аталады. Кронос пен Реяның үлкен қызы. Зевстің, Гераның, Деметраның, Аидтың және Посейдонның бауыры.

Афродитаның істерін ұнатпайды, оған Посейдон мен Аполлон оған үйленуге сөз салған, бірақ Гестия пәктігін сақтап, бауыры Зевспен тұруға бел байлады. Кносс қаласының негізін қалаған.

Кез-келген игі істер бастамас бұрын оның атына қашан да құрбандық шалынған. Сондықтан да, кел-келген әрекетті қолға аларда «Гестиямен бастау» деген мәтел қалған. Бұл іске кірісерде сәттілік пен оң бастаманың синонимі ретінде айтылды.

Гелиос

21 Ақп

Гелиос (еж.-грек. Ἥλιος немесе Ἠέλιος, Гелий, кейде Ээлиос[1] «күн») —  көне грек мифологиясында,  титан Гиперионның  және Тейяның ұлы. Күн құдайы деген атпен белгілі. Гелиос ақша қардай аппақ аттар жегілген алтын арбасымен аспанда жүріп өткенде күн туады-мыс.

Әр таң сайын ол ақ қанатты және от шашқан төрт атқа жегілген күн арбасымен аспанға шығатын, ал кешке батыстағы Мұхитқа түсіп, үлкен дөңгелек кемеге отыратын.

Жер бетінде Гелиостың жеті табын сиыры мен жеті отар қойы болды.